Жағдайға жауапты органдар әлі ресми түсініктеме берген жоқ.
Щучинск маңында қазылған құдықтан күмәнді, өткір иісті сұйықтық ағып жатқаны видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кадрлардан су емес, түсі қызыл-қоңыр, қою заттың таралып жатқанын көруге болады. Жергілікті тұрғындар мұны жай су емес, ішінде биологиялық қалдықтар болуы мүмкін деп алаңдап отыр. Айтуларынша, бұл жерге бұған дейін жылқы түсіп кеткені белгілі болған.
Соған қарамастан, құдық толық тазаланбаған деген күдік бар. Ең сорақысы – аумақ қоршалмаған, ешқандай ескерту белгісі қойылмаған. Тұрғындарға алдын ала хабар берілмегені де наразылық туғызды. Мамандардың сөзінше, мұндай жағдай топырақ пен жерасты суының ластануына әкелуі мүмкін.
Бұл – санитарлық талаптардың өрескел бұзылғанының белгісі.
Жағдайға жауапты органдар әлі ресми түсініктеме берген жоқ.