17.04.2026, 09:10

Көкшетауда ақша қайда кетіп жатыр: бүтін брусчатканы бұзып, қауіпті үйлерге көз жұма ма?

Фото: видеодан скриншот

Ал әкімдік нақты жауап бермей, сұрақ бұрынғысынша ашық күйінде қалды.

 

Көкшетаудағы «Сарыарқа» шағынауданында тұрғындар тағы да түсініксіз жұмысқа тап болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жақсы күйдегі брусчатканы алып тастап, орны бос қалдырылған. Халық «жөндеудің» мәнін түсінбей отыр – әлі жарамды жабынды не үшін бұзып жатыр? Бұл бірінші рет емес, қалада осындай жағдай былтыр да қайталанған. Ал тұрғындарды алаңдатқан негізгі мәселе – мүлде басқа.

Көпқабатты үйлердің қасбеттерінен жылдар бойы кірпіш үгіліп түсіп жатыр. Адамдар күн сайын сол үйлердің жанынан қорқып өтеді. Тұрғындардың айтуынша, бұл кез келген уақытта қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Бірақ қауіпті нысандар шешімін таппай, назардан тыс қалып отыр.

Ал әкімдік нақты жауап бермей, сұрақ бұрынғысынша ашық күйінде қалды.