$ 474.08  558.28  6.26

Жамбыл облысында оқушы өз-өзіне қол жұмсаған: Жасөспірімдер сотталды

Қайғылы оқиға өткен жылдың сәуір айында Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылында болған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған оқушының қазасына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша үш адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға өткен жылдың сәуір айында Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылында болған. 9-сынып оқушысы өз үйінің ауласындағы шаруашылық ғимаратында асылып, көз жұмған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Тергеу барысында 22 жастағы ауыл тұрғыны және 10–11 сыныпта оқитын екі жасөспірім күдікті ретінде анықталған.

Іс материалдарына сүйенсек, мектеп ішінде «бейресми көшбасшылардың» ықпалы артып, «көшелік тәртіп» элементтері қалыптасқан. Мұндай ортада күш көрсету мен қысым жасау үйреншікті жағдайға айналған.

Марқұм оқушыға жүйелі түрде психологиялық қысым көрсетіліп, қорқыту және мәжбүрлеу фактілері тіркелген. Сонымен қатар, соңғы күндері оның ауылдағы «беделді» саналған азаматтың үйінде еркінен тыс құрылыс жұмыстарына тартылғаны белгілі болды.

Тергеп-тексеру аяқталған соң іс 5 қыркүйекте сотқа жолданды. Сот барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 16 сәуірдегі үкімімен негізгі айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал кәмелетке толмаған екі сыбайласына 5 жылдан жаза тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0