16.04.2026, 13:00

Астанада жасөспірім көлікпен мектеп аумағына кіріп, жаппай төбелес шығарған (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

17 жастағы жасөспірім автокөлікпен елордадағы оқу орнының аумағына заңсыз кіріп кеткен.

Астанадағы мектептердің бірінің аумағындағы жанжал видеоға түсіп қалды. Бұл туралы полиция хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім автокөлікпен елордадағы оқу орнының аумағына заңсыз кіріп кеткен.

Өзіне жасалған ескертуге ол агрессивті жауап қайтарып, соңы жанжал мен төбелеске ұласқан.

"Тергеу нәтижесінде оқиғаға қатысқан барлық адам жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған бала мен мектеп қызметкері ұсақ бұзақылық үшін жазаланды, ал жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазаланды", – деп хабарлады полиция.