$ 473.13  554.08  6.13

Желі қолданушысы ажырасқаннан кейін сұхбат беретін әйелдерді сынады (ВИДЕО)

Ол Шавкат Рахмоновтың әйелін сынаған. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Желі қолданушысы ажырасқаннан кейін сұхбат беріп, күйеуін жамандайтын әйелдерді сынады, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Шавкат Рахмоновтың әйелін сынаған. 

"Үйткен-бүйткен деп отыр. Соның қасында бәледей жаттың ғой. Барған жерлеріңізді жамандамаңыздар, сол жерден бала тапсаңыздар сіздің балаңыз да жаман деген сөз. Ажырасып сұхбат беруді кім шығарды? Еркегің жаман болса, 5-6 баланы неге топырлатып туасың? Бала тусаң - өзің үшін. Енді сол баланың психикасын бұзбай, ешкімді ешкімге айдап салмай өз өміріңді сүр. Ондай әңгіме керек емес", - деді ол. 

Пікір қалдырушылардың бір бөлігі келіншектің бұл сөзін жақтаса, енді бірі қарсы шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0