Сонымен қатар, осы шара арқылы 17 мыңға жуық шағын және микробизнес өкілінің айыппұлдары мен өсімпұлдары толық есептен шығарылған.
Қазақстанда шағын және микробизнес субъектілеріне салынған өсімпұл мен айыппұлдардың жалпы сомасы 7,7 млрд теңгеге дейін кешірілді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, «Таза парақтан бастау» бастамасы аясында кәсіпкерлер 11 млрд теңге көлеміндегі негізгі қарызын өтеген. Сонымен қатар, осы шара арқылы 17 мыңға жуық шағын және микробизнес өкілінің айыппұлдары мен өсімпұлдары толық есептен шығарылған. Министрдің сөзінше, салық реформасы да нәтижесін беріп отыр. Бұған дейін ресми тіркеуде болмаған шамамен 348 мың азамат заңдастырылған. Қазір елдегі бизнес субъектілерінің жалпы саны, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қоса есептегенде, 2,7 млн-ға жеткен. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 200 мыңнан астамға артқан.