14.04.2026, 10:20

Оралда облыстық ардагерлер кеңесінің конференциясы өтті

Фото: дереккөз

Бүгінгі таңда облыста 94 444 зейнеткер, 53 877 ардагер бар.

Оралда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы IX есеп беру-сайлау конференциясын өткізді. Оған облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев қатысты. Жиында үкіметтік емес ұйымның 2021–2025 жылдар аралығында атқарған жұмыстарының есептік баяндамасы тыңдалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бүгінгі таңда облыста 94 444 зейнеткер, 53 877 ардагер бар. Оның ішінде 379 бастауыш ұйым, 6 соғыс ардагері, 2 096 тыл ардагері және 1 Халық қаһарманы тіркелген.

Конференцияда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарды таныстырды.

Облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов аға буынның бай тәжірибесі мен ақыл-кеңесі қоғам үшін бағыт-бағдар екенін айтып, ардагерлерге азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді. Елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан бір топ азаматқа сый-құрмет көрсетілді.

Тегтер: ардагер Орал