$ 473.13  554.08  6.13

Астанада тағы бір тұрғын үй кешенінде өрт шықты — ТЖМ

Бұл туралы 13 сәуір, дүйсенбі күні кешке Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Елордадағы Нұра ауданында орналасқан тұрғын үйдің электр қалқаншасында өрт шықты. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы 13 сәуір, дүйсенбі күні кешке Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданындағы Күлтегін көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйдің электр қалқаншасындағы өртті сөндіріп жатыр. Алғашқы бөлімшелер келген кезде подъезде қою түтін байқалды», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, тілсіз жауды толықтай жою үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

«Су үздіксіз беріліп жатыр. Үй тұрғындары эвакуациялануда. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр», – деп қосты баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0