12.04.2026, 23:20

Бразилияда Семейлік киберспортшы Данил Голубенконы ерекше күтіп алды (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Арнайы баннерлер дайындап, оның никнеймін ұрандатқан, тіпті арнап ән де шырқап берген.

Бразилиядағы әуежайлардың бірінде семейлік киберспортшы Данил Голубенконы ерекше құрметпен қарсы алды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Molodoy лақап атымен танымал ойыншыны жергілікті жанкүйерлер жоғары деңгейде күтіп алды: арнайы баннерлер дайындап, оның никнеймін ұрандатқан, тіпті арнап ән де шырқап берген.

Бұл жағдай киберспорттың бүгінде әлемдік деңгейде қарқынды дамып, спорттың толыққанды бір бағытына айналғанын тағы бір мәрте дәлелдейді. Әсіресе, қазақстандық ойыншылардың халықаралық аренада танылып, шетелдік фанаттардың ықыласына бөленуі – отандық киберспорт индустриясының өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай қолдау ойыншыларға қосымша мотивация беріп қана қоймай, жастар арасында киберспортқа деген қызығушылықты арттыра түседі. Бүгінде бұл сала тек ойын емес, кәсіби мансапқа айналып, халықаралық турнирлер, ірі жүлде қорлары мен демеушілер арқылы үлкен индустрияға айналып отыр.

Айта кетейік, Данил Голубенко – Қазақстанның киберспорттағы жаңа буын өкілдерінің бірі. Оның шетелде осындай құрметке ие болуы – елдегі киберспорттың дамып, жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанының айқын белгісі.