12.04.2026, 22:30

Астанадағы өрт: Тірі қалған 3 баланың анасының жағдайы ауыр

Фото: видеодан скриншот

Қазіргі уақытта науқас реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

Үш баланың өмірін қиған Астанадағы алапат өрттің салдарынан ауруханаға түскен науқастың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнында жедел медициналық көмектің үш бригадасы жұмыс істеген. Тірі қалған әйел адам №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта науқас реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр", - дейді Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетейік, 12 сәуір күні Түркістан көшесі 14А мекенжайында орналасқан пәтерден өрт шығып, 3 бала көз жұмды. Өртті сөндіру барысында өртеніп жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.