09.04.2026, 20:30

Шығыс Қазақстанда жас жігіт оққа ұшты

Фото: Pixabay

Оқиға 8 сәуірде болған.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 21 жастағы жігітті атып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға 8 сәуірде болған.

"Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті анықталып, дереу ұсталды. Қару тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицияда.

Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқас ауыр жағлайда жеткізілгенін айтады. Бүгін санавиациямен облыс орталығы Өскеменге жеткізілген. Жағдайы тұрақты ауыр.