Сот шешімімен ер адамға 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасы кесілді.
Астана қаласында тұрғын үй ауласында қолына пышақ ұстаған жалаңаш ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға куәгерлері түсірген бейнежазбадан оның өзін-өзі бақылауда ұстай алмай тұрғаны байқалады.
Ер адам біреуді іздеп жүргендей әрекет жасап, «бауыздаймын» деп қорқытқан.
Полиция мәліметіне сәйкес, 39 жастағы күдікті қолға түсіп, «Алматы» аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Аталған жағдай бойынша ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, яғни ұсақ бұзақылық бабы негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен ер адамға 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасы кесілді.