Тұрғындар әкімдіктен нақты әрекет күтетінін ашық айтып отыр. Ал әзірге қоқыс та, сұрақ та сол күйі жатыр.
Теміртауда тұрғындар қоқыс мәселесіне тағы да шағымданды. Қаладағы контейнерлер жиі толып, қалдықтар аулаларға шашылып жатыр. Салдарынан қоқыс желмен ұшып, тұрғын үйлердің маңына дейін жеткен.
Жергілікті халық бұл жағдайдың ұзақ уақыттан бері шешілмей келе жатқанын айтады. Айтуларынша, жауапты мекемелерге бірнеше рет хабарласқанымен, нақты нәтиже жоқ.
Тұрғындар тазалыққа жауапты қызметтердің жұмысын сынға алды. Мәселе ушығып тұр: санитарлық жағдай нашарлап, иіс пен антисанитария күшейген. Мамандар мұндай жағдай ұзаққа созылса, денсаулыққа қауіп төнуі мүмкін екенін ескертеді.
Тұрғындар әкімдіктен нақты әрекет күтетінін ашық айтып отыр. Ал әзірге қоқыс та, сұрақ та сол күйі жатыр. Видео дереккөзі: @dobriy_realtor