Ақтөбеде Ырысты көшесінің тұрғындары жол мәселесіне тағы да шағымданды. Айтуларынша, бұл көшеге асфальт төселеді деп бірнеше жылдан бері уәде беріліп келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алайда уәде орындалмай, көше әлі күнге дейін батпақ күйінде тұр.
Жаңбыр жауған сайын жағдай тіпті қиындай түседі. Жаяу жүру мүмкін болмай, тұрғындар балшық кешуге мәжбүр. Көліктер де еркін жүре алмай, жиі батып қалады. Бұл көше екі бағытты жалғайтын негізгі жолдардың бірі екені айтылды.
Мұнда көбіне қарттар мен кішкентай баласы бар отбасылар тұрады. Тұрғындар мектеп пен балабақшаға бару қиынға соғатынын жеткізді. Жауаптылар нақты шешім қашан болатынын әлі айтқан жоқ.