Журналист Жанар Байсеміз энерготерапевт Мира Келімбетовадан сұхбат алып, жер бетінде не себепті сырқат адамдардың көбею себебін сұрады. Психолог не себепті жастар арасында түрлі аурулардың көбейіп кеткенін де түсіндірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Бар нәрсенің қадірін білмегеннен кейін бізде қазір ауру да көп, әсіресе жастар арасында аурып жатқандар көп. Ерекше балалар өте көп туылып жатыр. Барымызды бағалауымыз керек. Сенің дұрыс өмір сүрмей жатқаның, өзіңе ғана зиян емес.
Себебі сен энергия бөлгенде, ол жан-жағыңның бәріне зиянын тигізіп жатыр. 98 пайыз жер бетінде қара энергия жайлап кеткен. Басқарып отырған қара энергия, қара күштер. Сол үшін өзіңді ойламасаң да, кез келген адам өзінің ұрпағын, тегін ойлайды деп ойлаймын.
Ұрпағың үшін дұрыс өмір сүруге талпынуың керек, себебі сенің өмір сүру стиліңнің жемісін, сенен кейін жеті ұрпағың жейді», — деді ол.