Республика бойынша тұман және көктайғақ болжануда.
Қазгидромет алдағы 21-23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы мерекелік күндерде елдің кей аумақтарында жауын-шашын болжануда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы
Синоптиктердің болжамынша, кейбір күндері елдің солтүстігінде және оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі болжанған.
“Ал елдің оңтүстігінде күндізгі сағаттарда найзағай болады. Республика бойынша тұман және көктайғақ болжануда. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі”, – делінген хабарламада.
Күндізгі ауа температурасы:
батыс өңірлерде +12 , +17°С дейін, Маңғыстау облысында +18, +23°С дейін, солтүстік және республиканың орталық бөлігінде +3, +8°С шамасында, Ұлытауда +15, +20°С дейін, шығыста +5,+15°С, оңтүстікте +20, +25°С, оңтүстік-шығыста +15, +23°С дейін көтеріледі.