Ал шетелде жүргендер бұл туралы елшілік немесе консулдық арқылы хабарлай алады.
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қос азаматтық мәселесіне қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, Қазақстанда қос азаматтыққа заң жүзінде тыйым салынған және бұл талап Конституцияда нақты жазылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Соған қарамастан, қоғамда екі елдің төлқұжатын қатар пайдаланып жүргендер бар деген пікір жиі айтылады.
Министр мұндай жағдайда азамат өзге елдің азаматтығын алғанын міндетті түрде хабарлауы тиіс екенін еске салды.
Егер бұл талап орындалса, Ішкі істер органдары азаматтықтан айыру мәселесін қарайды.
Ал шетелде жүргендер бұл туралы елшілік немесе консулдық арқылы хабарлай алады.
Сыртқы істер министрлігі тек құжаттарды қабылдап, Қазақстанға жолдайды, ал нақты шешімді Ішкі істер министрлігі қабылдайды.
Қос азаматтық мәселесі қоғамда әлі де өзекті. Себебі заң бар болғанымен, оны айналып өтетіндер бар деген күдік күшейіп келеді.