$ 479.02  551.11  5.82

«Шоты бұғатталғандарға шетелге шығуға рұқсат берілуі мүмкін» — Мұрат Әбенов (ВИДЕО)

Депутаттың бұл бастамасы әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды.

Фото: Казинформ
Фото: Казинформ

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов шоты бұғатталған азаматтарға қатысты талаптарды қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, есепшоты бұғатталған адам жұмыс істей алмай, табыссыз қалады, ал бұл қарызды өтеуді одан сайын қиындатады.

Сондықтан депутат жалақыны қолма-қол төлеуге рұқсат беретін арнайы норма енгізуді ұсынды. Сонымен қатар ол борышкерлерге шетелге шығуға қойылатын тыйымды да қайта қарау керек екенін айтты. Әбеновтің пікірінше, кей азаматтар шетелге барып жұмыс істеп, тапқан ақшасына несиесін жабуы мүмкін.

Қазір бұл мәселелер бойынша заңнамаға өзгеріс енгізу ұсыныстары талқыланып жатыр.

Депутаттың бұл бастамасы әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0