Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, аялдама № 10 емхана маңында орналасқан.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 18 наурыз күні Сейфуллин көшесінде болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, аялдама № 10 емхана маңында орналасқан.
Оқиға кезінде автобус жүргізушісі аялдамаға жақындағанда көлік тізгініне ие бола алмай, аялдама құрылымына соғылған.
— Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция өкілдері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды, жылдамдық режимін бұзбауды және қоғамдық көлік аялдамалары маңында барынша сақ болуды ескертті.