2025 жылдың 17 қарашасында іс сотқа жолданды.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Талғар ауданында болған атышулы іске қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сот үкімі бойынша басты айыпталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған екі сотталушының әрқайсысына 9 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Адвокат Жандос Палманов жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылғанын және олардың апелляциялық сотқа жүгінетінін атап өтті.
- Жәбірленуші тарап басты айыпталушыға шығарылған үкімді тым жеңіл деп санайды. Біз апелляциялық тәртіппен шағым түсіреміз, — деді адвокат.
Еске салайық, Талғарда 2025 жылғы 6 қыркүйекте жантүршігерлік қылмыс болды: бейтаныс адам ер кісіні атып, кішкентай қызды алып қашып кеткен еді. Тергеу мәліметінше, күдікті мен кішкентай қыздың анасы бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Араларында жанжал шығып, ер адам әйелдің ағасын мылтықпен атып тастаған. Ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.
Кейін полицияның арнайы жасағы қызды босатып, күдіктіні ұстады. Артынша жарақат алған кішкентай қызға ота жасалды.
2025 жылдың 17 қарашасында іс сотқа жолданды. Ал 4 желтоқсанда Қаскелең қаласында алдын ала сот отырысы өтіп, төрағалық етуші судья шешімімен сот жабық режимде өтетінін болды.
Талғардағы оқиға бойынша полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды. Қанды оқиғаның алдын алмаған полицейлердің ісі сотта қаралып жатыр.