$ 479.02  551.11  5.82

«Тәулік бойы тоқтаусыз шырқаған»: Термешілеріміз әлемдік рекордтар кітабына енді

Тәуелсіз сарапшылар "Ер Едіге" жыр мектебінің шәкірттерінен құралған 36 жыршының өнерін жоғары бағалап, үздік деп таныған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ақтөбеде бір тәулік бойы тоқтаусыз қисса, терме мен батырлар дастанын жырлаған өнерпаздар әлемдік рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шараның мақсаты ұмыт болған қазақ фольклорын қайта жаңғыртып, жаһанға таныту. 

“Жыраулардың осындай өнері, ежелден ата-бабамыздан қалған дәстүріміз ғой. Бұрындары атақты жыраулар елге келіп, ауылдарға барып екі-үш күн жырлаған екен. Сол жырларды жатқа айтып. Ақтөбе облысында осындай дәстүр тіріліп жатыр, жанданып жатыр”, – деді қоғам белсендісі Естай Жайлыбай.

24 сағат бойы үздіксіз жыр айту өзіндік ережелері бар ерекше дәстүр. Бұл уақытта 36 жыршы кезекпен шығып, "Қырымның қырық батыры" эпосын, "Пайғамбарлар қиссасын", сондай-ақ батырлар жыры мен термелерді орындайды. Ең басты талап – жыр бір сәтке де үзіліссіз жалғасуы керек.

“Ел халқымызға осы жаңалық үрдіс болып жалғасса дейміз. Жыршылардың әрқайсысы бір дастаннан, екі дастаннан әрқайсысы ең азы 20-40 минуттан, алды екі сағат, үш сағат, төрт сағатқа дейін жырлайтындары бар”, – деді жыршы Әділбек Сарин.

Бұл ерекше жобаны Азия мен Африка аймақтары бойынша GBR әлемдік рекордтар кітабының сарапшылары қадағалап, қорытындысын шығарды. Мамандар жыршылардың өнеріне жоғары баға берді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0