18.03.2026, 09:10

Ақтауда коммуналдық қызметкерлерді тасымалдау дауға айналды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, тұрғындар биліктен түсініктеме талап етуде.

Ақтауда коммуналдық қызметкерлерді жұмысқа тасымалдау тәсілі тұрғындардың наразылығын тудырды. Қала көшесінде түсірілген видеода адамдардың арнайы автобус емес, жүк тасымалдайтын көлікпен жеткізіліп жүргені көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асырып жүрген жұмысшылардың өзіне дұрыс жағдай жасалмаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жергілікті халық бұл мәселені шешу қиын емес екенін, бірақ жауапты мекемелер тарапынан нақты әрекет жоқ екенін айтады. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін көлікпен тасымалдау – тек қызметкерлерге емес, жол қозғалысына да қауіп төндіруі мүмкін.

Қала тұрғындары коммуналдық салада еңбек ететін адамдарға ең алдымен қалыпты еңбек жағдайы жасалуы тиіс екенін айтып отыр. Ал мұндай жағдайлар әкімдік тарапынан бақылау әлсіз екенін тағы бір рет көрсеткендей.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, тұрғындар биліктен түсініктеме талап етуде.