Сонымен бірге, Иран тарапы әзірге Лариджанидің қаза тапқаны жөніндегі ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.
Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Министрдің сөзінше, дүйсенбіге қараған түні Әли Лариджани мен «Басидж» бөлімшесінің командирі көз жұмған.
“Кеше түнде Лариджани мен Басидж бөлімшесі командирінің көзі жойылып, Хаменеи режимінің басшылығына және көзі жойылған барлық мүшесінің қатарына қосылды. Премьер-министр екеуміз Израиль қорғаныс күштеріне Ирандағы террористік және репрессивті режим басшылығының ізіне түсуді жалғастыруды тапсырдық”, – деді Кац.
Сонымен бірге, Иран тарапы әзірге Лариджанидің қаза тапқаны жөніндегі ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. Tasnim мемлекеттік ақпарат агенттігінің Telegram-арнасында 17 наурыз күні Лариджанидің әскери-теңіз күштері қызметкерлерінің қазасына байланысты көңіл айту мазмұнындағы қолжазба хаты жарияланғаны айтылды. Әли Лариджани Ирандағы ықпалды саясаткерлердің бірі саналады. Сондай-ақ оның елдің Жоғарғы көсемі Әли Хаменеиға жақын тұлғалардың қатарында болғаны жиі айтылады.