17.03.2026, 16:15

Тоқаев ел дамуына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Марапатталғандар қатарында премьер-министр Олжас Бектенов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, айтыскер ақындар Ринат Зайытыв пен Мұхтар Ниязов бар.