Шаңырақ отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың жалғасуының символы.
Наурызнама онкүндігінде 16 наурыз отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Шаңырақ - отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың жалғасуының символы.Шаңырақ – отбасының символы, береке мен бірліктің бастауы. Қазақ халқы үшін шаңырақ тек киіз үйдің күмбезі емес, ол отбасының беріктігі, береке мен татулық және ұрпақтар сабақтастығының айқын символы.
Отбасы – бұл әр адамның өміріндегі басты құндылық, күш, қуат, жақсылық, үйлесімділік көзі. Қазақ халқы отбасының адам өміріндегі маңыздылығын, оның білім берудегі және болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін терең түсінген. «Жанұясыз адам – жеміссіз ағаш», «Баланың бас ұстазы – ата-анасы», «Отбасының сәні – сыйластық», «Ата – асқар тау, ана – бауырыңдағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз» деген мақалдың өзі соның айғағы.