17.03.2026, 07:30

Бүгін елімізде жаңбыр, тұман және шаңды дауыл болады

Фото: Pixabay

Болжам бойынша, республика аумағының көп бөлігінде кең антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Синоптиктер Қазақстан бойынша 17 наурыздағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Болжам бойынша, республика аумағының көп бөлігінде кең антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Тек Қазақстанның батысында атмосфералық фронттар жауын-шашын тудырады (негізінен жаңбыр). Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал батыста шаңды дауыл соғады", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздегі сәуір айының қысқаша климаттық сипаттамасын беріп, көктемнің екінші айындағы өзгерістер туралы айтты.