Абай облысы полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.
Курчатов қаласында ерлі-зайыптылардың үйінді астында қалғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Halyqstan Telegram арнасының дерегінше, 14 наурызда салынып жатқан дәмхананың қабырғасының бір бөлігі құлап кеткен. “Құрылысы жүріп жатқан “Арбат” кафесінің қабырғасының бір бөлігі құлады. Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнына келіп, қирандылар астынан екі адамның денесін шығарған кезде де дәмханада музыка ойнап тұрған. Адамдарың қаза тапқанынан қарамастан іс-шара тоқтамаған. Абай өңірінің тұрғындары мұны арсыздық деп атады”, – делінген хабарламада. Абай облысы полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді. “Қазір құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісі бойынша, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс аясында сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді ведомство.