16.03.2026, 16:40

Атырауда 62 жастағы ер адам әйелін пышақтап өлтірді

Фото: pixabay

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Атырауда ер адам отбасылық жанжал кезінде әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

16 наурыз күні шамамен сағат 03:30-да полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.

«62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Аталған факт бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.