16.03.2026, 13:00

Иран СІМ: АҚШ президенті түсінгенге дейін оқ атуды жалғастырамыз

Фото: Pixabay

Бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи айтты.

Тегеран Вашингтон қақтығыстың қате шешім болғанын және мұндай жағдайдың енді қайталанбауы керектігін түсінгенге дейін әскери әрекеттерін тоқтатпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи айтты.

«Біздің қуатты қарулы күштеріміз АҚШ президенті ирандықтар мен америкалықтарға бірдей таңылып отырған заңсыз соғыстың қате екенін және оның ешқашан қайталанбауы керектігін түсінгенге дейін оқ атуды жалғастырады. Сондай-ақ зардап шеккендерге өтемақы төленуі тиіс», – деп жазды Аракчи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.