13.03.2026, 16:00

Елордада пышақ ұстаған ер адам жұрттың зәресін алды

Фото: видеодан скрин

Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Астанада қолына пышақ ұстап, жартылай жалаңаш күйде жүгіріп жүрген ер адам тұрғындардың зәресін алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айналасына қауіп төндірген ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Достық пен Республика даңғылдарының қиылысында болған.

Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Құқық бұзушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды", – деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Тегтер: пышақ Астана