11.03.2026, 18:20

Әлемдегі тұрақсыздық бүгінгі доллар бағамына қалай әсер етті?

Фото: Pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,57 теңгеге арзандап, 489,39 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,57 теңгеге арзандап, 489,39 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 491,59 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 489,68 теңгеден сатып алынады, 491,94 теңгеден сатылады. Еуро 568,27 — 574,11 теңге, ал рубль 6,16 — 6,29 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,02 теңгеден сатып алынады, 74,71 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 487,97 теңгеден сатып алынады, 494,97 теңгеден сатылады; — еуро: сатып алу — 564,97 теңге, сату — 575,05 теңге; — рубль: сатып алу — 6,15 теңге, сату — 6,45 теңге. — юань: сатып алу — 72,15 теңге, сату — 76,24 теңге.

Еске салайық, 10 наурыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,25 теңгеге арзандап, 491,59 теңге болды.