11.03.2026, 17:00

Ақтөбеде әскери қызметкер 15 жастағы қызды қорлаған

Фото: Pixabay

Ер адам жасөспірімнің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық қатынасқа түскен.

Ақтөбеде 15 жастағы қызды зорлаған әскери қызметкерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Әскери қызметкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша айып тағылды. Тергеуді Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы Ақтөбе бөлімінің қызметкерлері жүргізді.

Сот отырысы жабық режимде өтті.

"Ер адам жасөспірімнің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық қатынасқа түскен. Ол кінәлі деп танылды", – деп хабарлады әскери соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен сотталушы 15 жыл 6 айға бас бостандығынан және әскери шенінен айырылды.