$ 491.59  572.16  6.24

Ақсу ферроқорытпа зауытында оқыс оқиға болды

Нысанға соңғы техникалық тексеру 2023 жылы жүргізілген.

Фото: erg.kz
Фото: erg.kz

Ақсу қаласында орналасқан ферроқорытпа зауытында дауыл салдарынан түтін мұржасының бір бөлігі құлап қалды. Оқиға кәсіпорынға тиесілі №1 балқыту цехында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кәсіпорын мәліметінше, №15 пештің түтін мұржасының бір бөлігі қатты желдің әсерінен құлаған. Зардап шеккендер жоқ, ал оқиға өндірістік үдеріске айтарлықтай әсер етпеген.

Қазхром компаниясының хабарлауынша, негізгі технологиялық процестер қалыпты режимде жалғасып жатыр. Нысанға соңғы техникалық тексеру 2023 жылы жүргізілген.

Қазіргі уақытта кәсіпорында қолайсыз ауа райына байланысты жедел штаб құрылып, жауапты қызметтердің кезекшілігі ұйымдастырылған. Мамандар нысанның жағдайын бақылап, қауіпсіздік шараларын күшейтті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0