06.03.2026, 16:00

Ақтаулық бүлдіршін оқыс оқиғаға тап болды

Фото: lada.kz

Бұл оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Оқиға 5 наурызда кешкі сағат 18:00 шамасында Ақтау қаласындағы 7 және 9 шағын аудандардың аралығында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, бала жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтпек болған кезде оны көлік қағып кеткен.

Бұл оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Lada.kz мәліметінше, куәгерлер шамамен 10 жастағы баланың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, тез арада көмек көрсетуге тырысқан.

Мамандар жүргізушілерді елді мекен аумағында жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда көлік жылдамдығын азайтып, мұқият болу – жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талабы.