Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Синоптиктер 5 наурызда еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, таулы аудандарында шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте 5 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, күндіз жаңбыр жауады, кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 5 наурызда кей уақыттарда тұман түсіп, шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қар жауады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18-23 м/с, күндіз кей тұста 28 м/с дейін жетеді. Алматыда 5 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Қонаевта 5 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды.
Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түсетіні болжанады.
Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 5 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болатыны болжанады.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда 5 наурызда күндіз көктайғақ, түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігіндегі екпіні 15-18 м/с құрайды. Ақтөбеде 5 наурызда көктайғақ болады деп күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз көктайғақ, облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15–20 м/с. Қарағандыда 5 наурызда күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Жезқазғанда 5 наурызда күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал түнде облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 5 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда 5 наурызда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігіндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 5 наурызда жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.
Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 5 наурызда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 5 наурызда таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.