Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейту туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.
Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.