Ресейлік азамат қазақстандықтарға елшілік жасаған шараларды айтып, қызығушылық танытты.
Катарда жүрген ресейлік азамат Қазақстан азаматтарының эвакуациясының ұйымдастырылу деңгейін атап өтті. Ол өз видеосында «аздап тұтқындай сезінемін» деп ағынан жарылды, өйткені кемеден алыстап кетуге болмайды – аймақ жабық, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Видео Instagram-да жарияланған. Диспетчер дауысынан Қазақстан азаматтарына Сауд Арабиясына виза рәсімдеуі керектігі айтылғанын естуге болады, өйткені эвакуация сол арқылы жүргізіледі.
«Қазақстан азаматтарына елшіліктің арқасында Сауд Арабиясына виза беріледі, ертең автобуспен (шамамен 22 сағат жол) жеткізіледі, сосын Алматыға тегін ұшақ ұйымдастырылады. Сонымен қатар, әрқайсына 35 доллар аударылады. Ал бізде ештеңе жоқ. Бірақ үміт үзбейміз», – деп бөлісті Ресей азаматы.
Видеода ол «Мама, почему я не казах?» деген жазу қалдырған.