$ 497.56  586.92  6.44

Ирандағы мектепке жасалған соққыдан 40 адам қаза тапты

Минаб қаласында әскери база орналасқаны белгілі.

Фото: Shafag
Фото: Shafag

Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласында қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған израильдік соққы салдарынан кемінде 40 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат ақпарат порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұдан бөлек, шабуыл кезінде шамамен 50 адам жарақат алғаны айтылды, деп жазады Reuters.
Қаза тапқандардың арасында балалардың бар-жоғы әзірге хабарланған жоқ.

Минаб қаласында әскери база орналасқаны белгілі.

Америка Құрама Штаттары да, Израиль де мектепке жасалған соққыға қатысты әзірге ешқандай егжей-тегжейлі ақпарат ұсынған жоқ.

Сонымен қатар жағдайдың ушығуына байланысты Иранның Білім министрлігі бірқатар мектептің жабылғанын және оқушылардың қашықтан оқыту форматына көшірілгенін мәлімдеді.

Бұған дейін Иранда интернеттің дерлік толық өшірілгені туралы хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0