26.02.2026, 17:20

Ақтөбеде жүргізушілер жол ортасында төбелесті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Белгілі болғандай, көлік жүргізушілері арасында келіспеушілік туындаған.

Әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласында жол үстінде болған жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Белгілі болғандай, көлік жүргізушілері арасында келіспеушілік туындаған.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жүргізушілер арасындағы жол үстіндегі жанжал түсірілген бейнежазба анықталды. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері дереу тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың жеке тұлғалары анықталып, олар полиция бөліміне жеткізілді. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.