$ 501.26  590.38  6.54

Яндекс такси жүргізушілердің еңбегін бағаламай ма?

Жүргізуші тарифтің қалай есептелгенін түсінбей отыр.

Фото: habr.com
Фото: habr.com

450 шақырым. Қарлы боран. Қауіпті жол. Ал төлем – небәрі 4000 теңге. Қарағанды облысының тұрғыны осындай жағдайдан кейін Яндекс такси жүйесіне шағым айтып, серіктес кеңсесіне барған.

Оның сөзінше, ол клиентті экстремалды ауа райында алыс қашықтыққа жеткізген. Жолда уақыт та, жанармай да, тәуекел де аз болмаған. Бірақ сапар ақысы шығынды жаппаған.

Жүргізуші тарифтің қалай есептелгенін түсінбей отыр. Боранды күні жүздеген шақырым жүріп өткен еңбектің құны шынымен 4000 теңге ме?

Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Қолданушылар тариф саясатына күмән келтіріп, жүргізушілердің құқығы қорғалуы тиіс екенін айтуда.

Видео: Instagram @hello_astana2

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0