Бұл – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін емес, дені сау адамның өзіне қиын соғатын көрініс.
Көкшетауда мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы орта әлі де толық қалыптаспаған. Әлсіз көретін жандарға арналған кітапханаға апарар жолдың қардан тазартылмауы – соның айқын дәлелі. Тротуар қарға көміліп, жаяу жүргіншілерге арналған соқпақ ашылмаған. Мұндай жағдайда ғимаратқа жетудің өзі үлкен кедергіге айналады.
Ресми есептерде қолжетімді орта туралы жиі айтылады. Пандус, арнайы батырма, инфрақұрылым жобалары сөз болады. Бірақ қолжетімділік ең алдымен есік алдындағы қарапайым тазалықтан басталуы тиіс. Қарды уақытылы тазалау – қосымша жұмыс емес, тікелей міндет.
Кітапханаға баратын жол толық тазаланбаған, аяқ іздері қарға батып жатыр. Бұл – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін емес, дені сау адамның өзіне қиын соғатын көрініс.
Видео: Instagram - sinegor.kz