$ 494.66  581.87  6.43

Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған қыз көз жұмды

Ол терең комада болды және сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бермеді.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Бурабай кентінде квадроциклмен ағашқа соғылған бойжеткен қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қайғылы оқиға 14 ақпанда болған. Зардап шеккен қыз ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген еді. Ол терең комада болды және сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бермеді.

23 ақпан күні таңертең ол көз жұмды. Оқиға салдарынан бойжеткен көптеген ауыр жарақаттар алған еді, – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2