$ 489.3  578.94  6.38

Таразда 13 жастағы қыздың ұрлануына жол бермеген ер адам марапатталды

"Кейде ерлік лауазыммен де, формамен де өлшенбейді". 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Таразда 13 жастағы қыздың ұрлануына жол бермеген ер адам марапатталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облысы Полиция департаментінде Тараз қаласының тұрғыны Нұркен Умаровты марапаттау рәсімі өтті. Ол 13 жастағы қызды ұрлауға оқталу дерегінің алдын алған.

Еске салсақ, бұған дейін облыс орталығында екі белгісіз адам автокөлікпен аялдамада тұрған қызды алып кетпек болған.

Жағдайға бейжай қарамаған азаматтың дер кезінде араласуының арқасында олар қызды ұрлай алмады. Күдіктілер жедел түрде анықталып, ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жамбыл облысы ПД бастығы азаматқа ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, сондай-ақ жеке өзінің атынан шынайы алғысын білдірді.

Марапаттау рәсімі барысында Қайсар Сұлтанбаев Нұркен Умаровтың әрекеті нағыз ерлік пен жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісі екенін атап өтті.

Кейде ерлік лауазыммен де, формамен де өлшенбейді. Ол қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдап, көмекке келе алудан көрінеді. Сіздің жедел әрекетіңіздің арқасында жасөспірімнің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұл - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тыныштығына қосылған үлес, - деп атап өтті ПД бастығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0