$ 489.3  578.94  6.38

«Рамазан айында ас беруге болмайды»: Имам халыққа үндеу жасады (ВИДЕО)

Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы халыққа үндеу жасап, қасиетті айда күндіз ас беруден бас тартуға кеңес берген.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Рамазан айында жаназа мен марқұмға арналған асты күндіз емес, ауызашар уақытында беру керек. Павлодар облысының бас имамы ас беру рәсімін шариғат талаптарына сай өткізуге шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы халыққа үндеу жасап, қасиетті айда күндіз ас беруден бас тартуға кеңес берген.

“Рамазан айында тоқталатын ең басты тақырып ас беру, әруақтарға құран бағыштау. Рамазан айында күндіз ас беру сынды шараларды өткізуге болмайды. Бұл шариғат бойынша құпталмайды. Ораза кезінде күндіз ас беру шариғатқа кері шығатын амал саналады. Сондықтан жаназа, марқұмның қырқы сынды асты ауызашар уақытына қалдырған жөн”, – дейді Жолдас қажы.

Сонымен қатар ол жаназа кезінде ораза ұстамаған адамдарға күндіз, ал аузы берік жандарға кешке ас берілетін жағдайлардың жиі кездесетінін айтты.

“Мұндай жағдайларды халық арасында көп естимін. Рамазан айында олай бөліп жаруға болмайды. Сол себепті Қасиетті Рамазан айында асты ауызашар уақытында беруге тырысайық. Егер ол күндері уақыт болмаса бір-екі күн кешіктіріп беріңіз. Адам асқа келдіме топырағын салып, Құранын бағыштап кетуі тиіс. Ал асты ауызашар уақытында берген жөн”, – дейді Жолдас қажы.

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#имам #ас беру