Медициналық көмек уақтылы көрсетілді.
Қызылорда облысындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқыс оқиға Қызылорда-Павлодар автожолындағы Шідерті кентінің маңында болды. Бұл жерге ТЖМ апаттық медицина орталығы трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы жедел келді.
«Екі жеңіл көліктің соқтығысуы нәтижесінде бес адам зардап шекті. Төртеуін АМО мамандары тексерді: екеуі Екібастұз қаласындағы ауруханаға жатқызылды, екеуі медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудан бас тартты. Тағы бір жәбірленушіні 103 қызметі тексерді», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, медициналық көмек уақтылы көрсетілді.