03.02.2026, 13:05

Райымбек Баталов президенттің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Фото: Informburo.kz

Бұл туралы тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Белгілі кәсіпкер Райымбек Баталов Президенттің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Райымбек Баталов – Қазақстандағы ірі бизнес өкілдерінің бірі, Raimbek Group холдингінің негізін қалаушы. Ол бұған дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы қызметін атқарған болатын.

Жаңа қызметінде ол кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге қатысты Президентке тікелей ұсыныстар беретін болады.