01.02.2026, 12:30

«Қалжыңдайтын орын емес»: Ернар Айдар бірден 3 бап бойынша жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Бұл туралы жазба әлеуметтік желіде жарияланды. 

Әлеуметтік желілерге мониторингі барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.   Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, оны бейнетаспаға түсірген. Бұл туралы жазба әлеуметтік желіде жарияланды. 

Полиция қызметкерлерімен көлік құралының иесі анықталды. 

Азамат А. әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қою қағидаларын бұзғаны, жол белгілерімен немесе жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін, сондай-ақ жолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін  құқық бұзушыға айыппұл салынды.

Полиция жолдардағы қауіпсіздік жол қозғалысының әрбір қатысушысының жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салады. 

Жол – бұл басқа көліктер мен жаяу жүргіншілерге қауіпсіз емес жағдай туғызатын әзілдер мен жарнамалық түсірілімдерге арналған орын емес.