30.01.2026, 19:00

Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланатыны белгілі болды

Фото: Конституциялық сот

Эльвира Әзімова жаңа Конституция жобасының мәтінін бірнеше сайтта жариялауды тапсырды.

Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова жаңа Конституция жобасының мәтінін бірнеше сайтта жариялауды тапсырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Азаматтардың жаңа Конституция мәтінімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, Конституциялық сот аппаратына жаңа Конституция жобасының мәтінін «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» басылымдарында жариялауды, сондай-ақ Конституциялық соттың ресми сайтына шығаруды тапсырамын», - деді Әзімова.

Оның айтуынша, азаматтар Ата заң мәтінімен танысқаннан кейін Конституциялық комиссия жұмысын жалғастырады.