30.01.2026, 16:00

Психолог: Отбасыдағы ең үлкен проблема – жыныстық қарым-қатынас (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Отбасылық Психолог Ержан Мырзабаев ажырасудың негізгі себептерін атады.

Психолог маман “Qazaq Arian” YouTube арнасына берген сұхбатында елімізде не себепті ажырасу көбейгенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

”Адамдарға отбасы құру және жүргізу бойынша қарапайым білім жетпейді. Біз 90-шы жылдары қоғамдық дағдарыстан өткенімізді ұмытпауымыз керек. Сол дағдарыс кезінде бала болғандар қазір ата-ана болып жатыр. Олар көз алдарында толықтай рөлдік модельді, әке қандай болу керек, ана қандай болу керек дегенді көре алмады. Әрине, біз ол кездегі ата-аналарды кінәламаймыз, ол кісілердің мақсат-міндеті, мәселелері басқаша болды. Күнкөріспен айналысты. Бірақ, әрбір дағдарыстық кезеңнің бірнеше жылдан кейін шығатын белгілі бір салдары болады. Біздің қазіргі отбасы институтындағы дағдарыс соның нәтижесі деп ойлаймын. Сондықтан ең бірінші, отбасы құрғанда “мен ештеңе білмеймін” деп бастау керек. Себебі, “мен бәрін қатырамын” деген адам үлкен мәселелермен бетпе-бет келгенде қақтығыс, түсініспеушілік пен ажырасу басталады”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол ата-анамен бірге тұратын жас жұбайлардың мәселесіне де тоқталды.

”Отбасыдағы ең үлкен проблема — жыныстық қарым-қатынас. Ата-енемен үлкен отбасы болып, 3 бөлмелі үйде 2-3 отбасы тұра береді. Қабырғалар өте жіңішке. Қыз бен жігіт бірге бола алмайды. Енді үйленді, сағынып жатыр, гармондары ойнап жатыр. Бірақ еркін бірге бола алмайды. Осындай нәрселер жас жұбайлардың белгілі бір уақытқа жеке қалуын қажет етеді. Бөлек шығу әрдайым жастардың қалуы, үлкендердің қарсылығы. Керісінше, “балам үйлене алатын жасқа келдің бе, бала-шағаңды асырай алатын жасқа кел” деп әке-шешесі риза болу керек”, — дейді ол.