23.01.2026, 12:20

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді

Фото: Ақорда

Мемлекеттер Кеңес құрамына енгеннен бастап үш жыл мүше бола алады.

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы  Kazinform-ға сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, Бейбітшілік кеңесіне қатысу мемлекеттердің дербес шешіміне негізделеді. 

– Жарғыда айтылған 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшеліктің шарты болып саналмайды. Егер алғашқы жылда мұндай жарна төленген болса, мемлекет Кеңес құрамындағы мерзімін үш жылдан әрі ұзарта алады. Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіруге қандай да бір қаржы төлеген жоқ. Бұл Жарғы ережелеріне толық сай келеді, – деп түсіндірді Ақордадан.

Айта кетейік, кеше, 22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.